Мақалада жоғары оқу орны білім алушыларының метақұзыреттілігін қалыптастырудағы теориялық аспектілер, әдіснамалық қағидалар баяндалады. «Метақұзыреттілік» ұғымының философиялық мәні: «өз рухын өзіне қарату», «өзін-өзі тану» болып табылады. Ал психологиялық-педагогикалық мазмұны «белсенділікті дамыту», «шығармашылықты дамыту», «білімі мен біліктілікті арттыру» және «дағды қалыптастыру» деп түсіндіріледі. Мақалада «метақұзыреттілік» ұғымының негізгі категориялары «өз білімі туралы білім», «өз саласы бойынша білім», «метадағды», «метабілім» құрайтындығы айтылады. Білім алушылардың метақұзыреттілігін қалыптастыруда таным мен белсенділік, теория мен әдістеменің бірлігі қағидалары басшылыққа алынады.
Білім алушылардың метақұзыреттілігін қалыптастыруда тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілгені жайлы баяндалады. А.Маслоудың «Өзін-өзі таныту» теориясын қамтуға арналған тесті құндылықтық бағдар, креативтілік, қарым-қатынас (коммуникативтілік), танымдық қажеттілік, синергия, өзін-өзі қабылдау критерийлері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлердің сандық/пайыздық көрсеткіштері айқындалды.
ЖОО БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған December 2020
95
374
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Д.К. Момбекова, А.Ж. Еримова, А.С. Тазабекова, Д.М.А.Е.А.Т. 2020. ЖОО БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 84–94. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.12.