Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған March 2024

113

116

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА
Аңдатпа

Бүгінгі қоғамға постиндустриалды әлемде кез келген өзгерістерге тез бейімделетін адамдар қажет. Сондықтан білім алушыларға ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Оқушылар орта мектепте алған білімдерін практикада қолдана білуі тиіс. Демек, функционалды сауаттылық адам өмірінде ерекше орын алады. Осы тұрғыдан келгенде, білім алушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру өзекті болып саналады. Орта мектепте оқушылардың функционалды сауаттылығы оқу пәндерінің мазмұны арқылы қалыптастырылады. Оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларында айқындалған оқыту мақсаттарын игеру барысында білім алушыларда әлеуметтік және экономикалық өмірге толыққанды қатысуға қажет білім беріледі және дағдылар дамытылады. Сонымен қатар, сабақта практикаға бағытталған тапсырмаларды қарастыру да оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда өзіндік маңызы бар. Яғни, білім алушылардың алған білімдері мен біліктерін әртүрлі оқу және практикалық жағдайларда қолдануға, білім алушыларды өзiндiк шығармашылық еңбекке, өмiрге белсендi араласуына дайындауға негiз болады. Мақалада функционалды сауаттылықтың білім беру мазмұнындағы маңыздылығы қарастырылды. Қолданыстағы оқулық тапсырмаларының оқушылардың білім беру жетістіктерін бағалаудың PISA халықаралық зерттеулерінде қолданылатын тапсырмаларға сәйкестік деңгейі анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шуиншина Ш.М., Жумагулова З.А.,Дору M. . 2024. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 328–340. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.028.