Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ: МҰҒАЛІМНІҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ:

Жарияланған October 2023

110

103

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ филиалы Педагогикалық өлшеулер орталығы
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның жалпы білім беретін мектептер желісіндегі мұғалімдерді бағалау моделінің бір бөлігі болып саналатын рефлексиялық есеп зерделенеді. Зерттеуде аралас әдістерді қолдану арқылы осы контексте мұғалімдердің рефлексиялық тәжірибесіне әсер ететін факторлар қарастырылады. Мектеп мұғалімдерінен алынған сауалнама (n=469) және бағалауға қатысты құжаттар талдауы мұғалімдердің рефлексиялық есептерді педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру үшін құнды деп қабылдайтынын көрсетеді. Дегенмен, бірнеше факторлар, соның ішінде көлемді жұмыс жүктемесі, рефлексиялық есеп жазуға қойылатын талаптардың жоғары болуы, уақыт жетіспеушілігі, жазбаша рефлексия жүргізу тәжірибенің болмауы және критерийлер туралы түсінігінің жеткіліксіз болуы олардың оқыту тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалауға кедергі келтіреді. Зерттеуде рефлексиялық есептерді мұғалімдерді бағалау шеңберінде тиімді пайдалануы үшін саяси деңгейде аталған міндеттерді шешу қажеттілігі көрсетіледі.  Зерттеу аясында Қазақстанда және басқа елдерде жеткілікті түрде зерделенбеген - мұғалімдердің тәжірибесін бағалауда рефлексиялық есептерді қолдану мәселе қарастырылады. Мұғалімнің рефлексиясын бағалау компоненттерінің бірі ретінде тиімді қолдану үшін ұсыныстар беріледі.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жумыкбаевa А.К., Аблаева М.К. . 2023. МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ: МҰҒАЛІМНІҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ: . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Жов 2023), 256–264. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.022.