Осы мақаладағы зерттеудің өзектілігі студент жастардың салауатты өмір салтына, жалпы қоғамның болашағына белсенді қатысу үшін олардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға ұмтылу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне білікті маман ретінде қатысуына байланысты. Мақаланың мақсаты – студент жастардың физикалық, психоәлеуметтік және әлеуметтік деңгейлерінде денсаулыққа қатысты жағымды құндылықты-бағдарлы мінез-құлықты қалыптастырудың критерийлері мен әдістерін әзірлеу. Бұл мәселені зерттеудің жетекші әдісі - студенттердің оқу кезінде олардың денсаулығына әсер ететін факторларды анықтау туралы сауалнама және О.И.Моткованың адамның психологиялық қызмет ету ерекшеліктерін зерттеуге арналған «Жеке тұлғаның психологиялық мәдениеті» өз бойындағы бар мақсаттарды, өзін-өзі анықтау ерекшеліктерін, әртүрлі өмірлік жағдайларға негізделген мінез-құлықты өзін-өзі реттеуді анықтау арқылы психологиялық ұмтылыстың күшін бағалау әдістемесі болып табылады. Мақалада студенттердің денсаулыққа деген құндылық көзқарасын қалыптастырудың негізгі критерийлері мен әдістері, теңгерімді күнделікті тәртіпке негізделген психологиялық қолдау мәдениеті, оқыту кезінде қолайлы және тыныш орта, оқыту әдісі, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін жүзеге асыру, мұғалімнің жеке үлгісі, сондай-ақ мотивациялық-құндылық, танымдық-ақпараттық, шығармашылық, шығармашылық-коммуникативтік, эмоционалды-сыйластық, мәдени-эстетикалық сияқты критерийлер берілген. Білім беруде қолданылатын критерийлер мен әдістер болашақ мамандардың жеке тұлғасын жан-жақты дамытуға, психологиялық, физикалық және әлеуметтік салауаттылығын сақтауға көмектеседі, бұл бүкіл білім беру жүйесі үшін практикалық маңызы бар болашақта психологиялық саулық аясында олардың шығармашылық, мәдени мінез-құлқында моральдық құндылықтардың бар екендігін көрсетеді және тенденция туралы айтуға мүмкіндік береді.
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2024
40
27
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Duketayev B., Myrzabosynov Ye., Zhakiyanova Zh., Kassenov Kh., Bekbossynov D4., . 2024. СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 119–131. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.011.