Мақалада «академиялық дарындылық» ұғымының генезисі, даму ерекшеліктері сипатталады.
«Академиялық дарындылықтың» философиялық категориялары: интеллект; акт; қабілет; ойлар мен
мадақтар жолы; даналық; адамдарға қатысты айырмашылық; жоғарғы идеялар; монадалар; диадалар;
триадалар пайымдаушылық; шығармашылық белсенділік; «вегетативтілік»; «сезімдік»; «рационалдық»;
жетік бақыт, дианоэтикалық ізгілік; ойланушының көптілігі (дуальдылығы); ішкі даму; генерация
динамикасы; өздігінен дамитын және атемпоральды болмыс ғылыми түсініктеріне талдау жасалады.
Сонымен қатар психологиялық білім бойынша категориялары: керемет меңгеру қабілеттілігі; оқу
қабілеті; туа біткен қасиеттер; нақты қатынастардың жеке конгломераты; жоғары интеллект; жылдам
ойлау; креативтілік; талант; дана(мінез-құлық) түсініктеріне сипаттама беріледі. Мақалада интеллектуалдық танымдық дамудың жоғары шегі; терең білім алу; қалыптан тыс табысты нәтижеге жетуге
бағытталған іс-әрекеттің жоғары деңгейі; пәндер мен қызмет түрлеріне ерекше қабілеттер; пәндік
мазмұнды түсінуге жоғары бейімділік түсініктері педагогикалық тұрғыдан «академиялық дарындылықтың» мазмұнын құраушылар ретінде баяндалады.
Мақалада диагностикалық жұмыстар жайлы талданады. Айқындау экспериментінің мақсат,
міндеттері, оның ұйымдастырылу алгоритмі ұсынылады. Айқындау эксперименті «6В01301-бастауыш
білім беру бағдарламалары» бойынша білім алушыларға А.И. Савенковтың «Дарындылық картасы»
әдістемесінің негізінде жүргізілді. Сауалнама арқылы студенттердің академиялық дарындылығы АКТ,
музыка, көптілділік, бизнес-инновация сфералары бойынша анықталып, оның нәтижелері беріледі.
Ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған December 2020
143
75
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М.М. Зұлпыхарова, Г.Т. Сәдуақас, М.Ж. Сұлтанбек, . 2020. «АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 71 (Груд 2020), 31–41. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.05.