Мақалада жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі талаптарына сәйкес сапалы оқу контентін
құруға негізделген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде қашықтықтан
оқытудың кешенді моделі, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологияларының
қашықтық форматы, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдау, ҚОТ жағдайындағы оқушыларды техникалық жарақтандыру; педагогтердің біліктілігін арттыру
сынды бірқатар мәселелер қарастырылады. Нәтижелер Жамбыл облысы бойынша ҚОТ жағдайында орта
мектептің білім беру процесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларының жағдайы мен
диагностикасы мониторингі бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеу арқылы алынды. ҚОТ жағдайында
ұсынылған оқыту моделі заманауи цифрлық және қолайлы білім беру ортасын дамыту үшін қазіргі
заманғы инфрақұрылымды дамытуға, оқытуды дербестендіру және білім алушылардың білім алу
деңгейін, қабылдауын және білім беру мүмкіндіктерін диагностикалау үшін мектеп контингентін
сегменттеуген егізделген оқу процесін жобалау, критериалды бағалау технологиясын қолдану;
педагогтердің цифрлық сауаттылығын дамыту; цифрлық білім беру ресурстарын құру; түзету-дамыту
бағдарламаларын жасау. Ұсынылған оқыту моделін іске асыру білім беру траекторияларын
дараландыруды және білім алушылар мен педагогтердің өзара іс-қимылына, оқу бағдарламаларын
табысты игеруге, метапәндік нәтижелерге қол жеткізуге, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін
арттыруға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру кеңістігін құруға толықтай мүмкіндік
береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МОДЕЛІН ЖОБАЛАУ
Жарияланған December 2020
87
234
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алимбаева С.К., Нұрадин Г.Б., . 2020. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МОДЕЛІН ЖОБАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 71 (Груд 2020), 18–24. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.03.