Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесін дамыту заманауи білім беру жүйесінде басым бағыт болып табылады. Қазіргі зерттеуші ғалымдар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асырудағы табыс дәрежесін анықтайтын біршама күрделі интегративті тұлғалық сапа ретінде анықтайды. Бұл мақаланың мақсаты – инклюзивті білім беруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделін әзірлеу және сипаттау.
Мақалада білім беруде инклюзивті енгізудегі мәселелер талданады, атап айтқанда: мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің белсенділенуі, дефектология мамандарының жетіспеушілігі, олардың инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға әдістемелік, психологиялық және ұйымдастырушылық дайын еместігі.
Зерттеу нәтижесінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру моделінің негізгі блоктарының сипаттамасы беріліп, инклюзивті білім беру процесінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру процесі анықталды.
Модель инклюзивті білім беру мұғалімдерін кәсіби даярлауда олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың біртұтас жүйесі ретінде қарастыратын тәсілдерге негізделген. Атап айтқанда: когнитивтік, эмоционалды-мотивациялық, операциялық-құзырлылық, рефлексиялық компонент. Мұғалімдердің инклюзивті білім беруде жұмыс істеуге дайындығының құрамдас бөліктері анықталды процессуалдық-ұйымдастырушылық компоненттер. Мақсатты блок мемлекеттік білім беру стандартының, педагогтың кәсіби стандартының және жалпы білім беру стандартының талаптарының интеграциясын көрсетеді.
Зерттеу нәтижелерін инклюзивті білім беруде болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үлгісін дамытуда ұолдануға мүмкіндік бар.