Мақала, кәсіби міндеттерді шешуде шығармашылық тәсілдер мен инновациялық ойлауды белсендіріп, болашақ кәсіби қызметте тиімді жұмыс атқаруға қабілетті кәсіби-маңызды сапа ретінде қарастырылатын болашақ музыкалық білім бакалаврларының креативтілігін зерттеуге арналады. Зерттеуде, біртұтас тәсіл негізін құрайтын әдіснамалық аппарат анықталды. Зерттеу жұмысында теориялық әдісті (феноменологиялық және ғылыми зерттеулерді ретроспективалық талдау, ғылыми синтез, теориялық модельдеу және т.б.) қолдану, білімгерлердің музыкалық, эстетикалық және шығармашылық дамуымен байланысты білім беру үрдісінің өзекті міндеттерін шешу үшін қажетті шығармашылық қабілет, тұлғалық сапа және музыкалық-педагогикалық білім, біліктілік және дағдыларды белсендіру жолымен болашақ кәсіби қызметтің міндеттерін, аталған ізденушілер тиімді орындауларын қамтамасыз ететін кәсіби-маңызды сапа ретінде қарастырылып, болашақ музыкалық білім бакалаврларының мәндік және құрылымдық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы феноменнің құрылымына кіретін негізгі төрт компоненттер анықталып, олардың мазмұндары нақтыланды.
БОЛАШАҚ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БАКАЛАВРЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Жарияланған July 2023
125
106
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
креативтілік
болашақ музыкалық білім бакалаврлары
дивергенттік ойлау
шығармашылық үрдіс
музыкалық интерпретация
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Kuldanov N., Balagazova S., Kosherbayev Zh., . 2023. БОЛАШАҚ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БАКАЛАВРЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 51–61. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.006.