Мақалада педгогикалық жоғары оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін
кәсіби даярлау мәселесі қарастырылады. Қазақстан Республикасында қабылданған
нормативті құжаттардағы ұсынылып отырған зерттеудің өзектілігі, сондай-ақ, ғылыми –
педагогикалық зерттеулердегі педагогикалық жүйе ретінде қарастырылатын мұғалімдерді
кәсіби даярлау жүйесінің құрылымы талданған. Білім беруді цифрландыру жағдайындағы
мектептегі информатика курсының жалпы білім беретін пәндер арасындағы алатын орны
мен мәні және болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлаудың маңыздылығы
негізделген. Информатика мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің құрамдас бөліктері анықталған.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық технологиялар терминдері
қарастырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары мысалдармен келтірілген.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы
оқыту кезеңдері және информатика мұғалімдерін кәсіби даярлауға қойылатын талаптар
келтірілген. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлауды жетілдіруге байланысты
ұсыныстар берілген.
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған May 2021
175
269
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Маликова Н.Т., . 2021. БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Трав 2021), 58–66. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5496.08.