Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН БАСҚАРУ

Жарияланған December 2023

76

71

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазіргі қоғамда әр адам әлеуметтік, мәдени және экономикалық қана емес, ең алдымен, кәсіби қызмет саласында жетістікке жетуі керек. Сондықтан мұндай адамды ЖОО-да оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын студенттің кәсіби және тұлғалық өсу қарқынын күшейту факторы ретінде қарастыру және қызметтік міндеттерін орындау арқылы оны нақты әрекетке тікелей қосу өте өзекті болып отыр.

Бұл мақалада ЖОО-дағы студенттердің – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару мәселесі талданып, оны жүзеге асыру тиімділігінің педагогикалық шарттары сипатталған.

Мақала авторлардың университеттегі көпжылдық педагогикалық қызметі барысында жинақталған практикалық материалдарына, сондай-ақ бастауыш мектеп пәндерінің теориялық негіздеріне арналған әдеби дерек көздерін талдау нәтижелеріне негізделеді.

Осы мақаланың проблемалық мәселесі ЖОО оқытушыларының өзіндік модуль мәтіндерімен жұмыс жасау нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде өз бетінше жұмыс істеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және оны басқару бойынша іс-әрекетіне қатысты.

Сондай-ақ, бастауыш мектептің білім беру үдерісінде тек оқу мәтінін ғана емес, сонымен қатар оқытуды басқару элементтерін пайдаланудың арнайы дағдыларын игеруге бағытталған болашақ педагогтарды даярлау қажеттілігінің негіздемесі келтірілген.

Зерттеу нәтижелері әр түрлі оқу мәтіндерін, әдістемелік ұсынымдарды және тиісті модульдерді оқып үйрену үшін қажетті базалық білімді анықтауға арналған нұсқаулықтарды дайындауда, модульді игеруін бақылау формаларын жоспарлауда және оқып-үйренудегі жетістіктерді тексеруде пайдаланылуы мүмкін.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Kdyrbaeva A., Ryabova E., Zhumash Zh., . 2023. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН БАСҚАРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 81 (Груд 2023), 177–186. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.017.