Мақалада пандемия жағдайында, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшуге мәжбүр болған кезде, оқу сабақтарын ұйымдастыруға шығармашылық көзқарас қажет екендігі айтылған. Студенттердің бойында зерттелетін тақырыптарды терең түсінуге, өзіндік
жұмыс, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеуге арналған тапсырмаларды орындауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін, рефлексивті ойлауын дамыту проблемасы арта түсетіні сөзсіз. Педагогикалық пәндерді оқу кезінде болашақ мұғалімдер үшін жеке тұлғаны
қалыптастыру мәселелерін, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін түсіну маңызды. Даму мен тәрбиелеу факторларын, оқыту жағдайларын зерттеу педагогикалық процестің заңдылықтарын анықтауды, инновациялық технологияларды қолдануды, оқыту мен тәрбиелеу принциптерін тұжырымдауды, стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім таба білуді талап етеді. Осыған байланысты жоғары мектепте шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселесі ерекше өзекті болып отыр.
ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ
Жарияланған May 2021
125
123
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Киясова Б.А., . 2021. ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Трав 2021), 52–58. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5496.07.