Бұл мақалада авторлар білім беру мекемелерінің ғимараттары мен табиғи элементтердің белсенді өзара әрекеттесуі жүзеге асырылатын жасыл білім беру ұйымдарын ілгерілетудің халықаралық және отандық тәжірибесін қарастырады. Бұл ретте табиғи элементтерді мектеп сәулетіне және оқу процесіне жанама түрде енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыт табиғи ортаны сақтайтын және жақсартатын ғимараттар мен кешендердің тұрақты сәулеттік ортасын құруға мүмкіндік беретін «жасыл құрылыс» технологияларымен жүзеге асырылады. Жобалау және салу кезінде берілген аумаққа тән табиғи ландшафттың, табиғи элементтердің және өсімдік жамылғысының ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ авторлар әртүрлі елдердегі жасыл білім беру мекемелерін ілгерілетудің рөлі мен маңыздылығын негіздейді, оның мақсаты адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру, «адам – табиғат» қарым-қатынасын үйлестіру әрекеті.
«ЖАСЫЛ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ» ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАУ
Жарияланған July 2023
136
95
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
жасыл білім беру ұйымдары
тұрақты даму үшін білім беру
экологиялық білім
жасыл құрылыс
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Длимбетова Г.К., Дзятковская Е.Н., Абенова С.У., Тайбулдинова С.А, . 2023. «ЖАСЫЛ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ» ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 79 (Лип 2023), 61–69. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.007.