Бүгінгі күні, буллинг өте кең таралған және бұқаралық мәселе болып табылады. Бұл осы мәселе бойынша статистикамен негізделеді. Психологиялық зорлық-зомбылықтың осы түрімен жасөспірімдер жиі кездеседі. Бұл мақалада буллинг мәселесін, оның ішінде білім беру ортасындағы кибербуллинг мәселесін зерттеуге арналған кейбір заманауи отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалған.Бұл проблеманың негізгі ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы беріледі, жалпы терминология белгіленеді, сонымен қатар осы проблеманы зерттеудің ерекшелігін көрсететін зерттеулер мен мақалалардың қысқаша анонстары берілген. Қорлау және мектептегі зорлық-зомбылық мәселелері бойынша шолу зерттеулерінің практикасы талданады, әлемдік практикада буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау бойынша тиімді шолу материалдары ерекшеленеді. Нәтижесінде буллингті зерделеудің үш негізгі тәсілі бөлінеді: диспозициялық, темпоральды, контекстік.