Бұл мақалада мектепке дейінгі ересек топ балаларының танымдық дербестігін дамытуда кейс-стади әдісінің рөлі туралы қарастырылған. Ғылыми зерттеулерді талдай отырып «кейс-стади» ұғымына анықтама берілген. Сонымен қатар, құрылымдық компоненттерін мотивациялық; мазмұнды-операциялық; ерікті деп топтайды.
Кейс-стади әдісін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың танымдық дербестігін дамыту моделі құрылған. Модель құрастырудағы мақсат кейс-стади арқылы ерсек топ балаларының танымдық дербестігін дамыту. Модельдің мазмұнында кейс суреттері, кейс - иллюстрациялары, рөлдік жобалау түрлерін ұсынған.
Мектепке дейінгі білім беруде кейс-стадиін қолданудың ғылыми тәсілдерін, қағидаларын, талаптарын негіздеп, ұйымдастырылған іс-әрекеттерде кейс-тапсырмаларының әр түрін көркем әдебиет бойынша қолдану, сөйлеу тілін дамыту және қоршаған ортамен танысу бойынша ұсыныстар беріледі.
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дербестігінің деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық әдістер көрсетілген.