Мақала бастауыш сыныптағы оқу рефлексиясын дамыту жұмыстарының сабақ құрылымындағы орны және ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындауға бағытталып, тиімділігін зерттеу нәтижелеріне сәйкес анықтауға негізделген.
Оқу үрдісіндегі рефлексияны ұйымдастыру мен оқушылардың оқу рефлексиясын дамыту мәселелері бойынша жазылған ғылыми еңбектер талданған. Философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді теориялық саралау нәтижесінде оқу рефлексиясының түрлері, мазмұны, механизімдері және оқу-рефлексивтік әрекеттің негізінде анықталған ғылыми тұжырымдамалар зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнын ашады.
Рефлексияның оқу әрекетінің әртүрлі кезеңінде қолданылуының мақсаты мен мазмұны айқындалған. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне оқу рефлексиясын дамыту жұмыстарының сабақ құрылымындағы орны мен ұйымдастыру ерекшеліктерін практикалық іс-әрекетте қолданудың жолдары көрсетілген. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың рефлексиясын дамытатын тапсырмаларды тақырып мазмұнына сәйкес іріктеп, оны тиімді қолданудың әдістемелік мүмкіндіктеріне талдау жасалған.
Ғылыми жаңалығы – бастауыш сыныптағы оқу рефлексиясын дамыту жұмыстарының сабақ құрылымындағы орны және ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайтын жаңа мазмұнның теориялық және әдістемелік тұрғыдан негізделген формалары мен тәсілдемелерін әзірлеуден; оқу мен оқытуда оқушылардың оқу рефлексиясын дамытудың негізгі бағыттарын практикалық іс-әрекетпен өзара байланысты қарастырудан тұрады.