Мақалада жоғары білім беру жүйесінде әлімдік кеңестігінде бәсекеге қабілетті болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік графикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні ашып көрсетілді. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымының айырмашылығы мен олардың қолданылуына мән берілді. Әлеуметтік құзыреттіліктер мен өзара кәсіби құзыреттер. Кәсіби білім беру ұғымының мазмұнын анықтау үшін оның құрылымы мен зерттеуші авторлардың ой пікіріне талдау жасалды.
Сондай-ақ мақалада «Компьютерлік графика» терминін зерделеу жолдары қарастырылған. Компьютерлік графикалық құзыреттілік деп атауға болатын арнайы құзыреттілікті қалыптастыру міндеттері анықталып, болашақ кәсіптік оқыту педагогының құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі нақтыланды. Компьютерлік графика құралдары арқылы болашақ кәсіптік оқыту педагогының құзыреттілігін дамытудағы мотивациялық компоненттің даму деңгейі көрсетілді.
Кәсіптік оқыту пәндерін өтуде, ақпарттық-комуникациялық технологияны қолдану болашақ кәсіптік оқыту педагогының оқыту формасын толықтай өзгертуін талап етеді, сондықтан компьютерлік графикалық құралдары арқылы болашақ кәсіптік оқыту педагогының құзыреттілігін дамытудағы мотивациялық компоненттің даму деңгейі, қарастырылып, анкеттік сұрақтар арқылы анықталды. Болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік графикалық құзыреттілігін оқыту үдерісінде тиімді пайдалану және олардың компьютерлік графикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін шешу стратегиялары қарастырылды. Зерттеу жүргізу нәтижесінде алынған нәтижелер компьютерлік графика құралдары арқылы болашақ кәсіптік оқыту педагогының құзыреттілігін дамыту қажеттілігі мен оны жүзеге асырудың өзіндік құралы ретінде қолданылуы тиіс.