Мақалада жоғары оқу орындарының кітапханалары және олардың ғылым мен білімге ашық қолжетімділік мүмкіндіктері, сондай-ақ ақпаратпен белсенді алмасу және өздерінің ақпараттық ресурстарын құру арқылы цифрлық білім берудің жаңа моделі ретінде институционалдық репозиторийлер қарастырылады.
Кітапхананың инновациялық қызметі заманауи университеттегі интерактивті оқыту ортасының табысты дамуының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, өйткені кітапханалар ақпаратқа онлайн қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, өздігінен білім алуды жеңілдетуге ұмтылады.
ҚР жоғары оқу орындары кітапханаларының виртуалды қызмет көрсетуі аясында Қазақстанның 131 жоғары оқу орнына «Ақпаратты Қазақстан – 2020» бағдарламасы аясында электронды кітапханалардың даму бағыты мен қызмет түрлерінің ақпараттық кеңістегінде алатын орнын салыстыра отырып, RFID технологиясы мен QR-кітапханалардың заманауи қызмет көрсетуде әрбір кітапхана үшін маңыздылығына салыстырмалы талдау жүргізілініп, ашық қолжетімділік архивының (репозиторий) ғылым мен білімге еркін қол жеткізудің мүмкіншілігі қарастырылады.
Алынған нәтиже университет кітапханаларының білім таратудың негізгі арнасы болып табылатынын және оқыту мен оқуды қолдауда, әсіресе пайдалы және тиімді ақпарат көздерімен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.