Физиканың ғылым ретінде дамуы және физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеу әртүрлі физикалық жүйелердің модельдерін құрумен тығыз байланысты. Физиканың эксперименттік ғылым екендігін және физиканы оқытуда кейбір құбылыстарды түсіндірудің қиындығын ескерсек, бұл мәселені шешудің ғылыми негізделген тәсілін, жеңілдетілген баламасын құру өзекті болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты 3D модельдеудің физикалық зертханалық жұмыстарды орындаудағы тиімділгін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, болашақ физика мұғалімдерінің танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын дамытуда 3D модельдеуді қолданудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында теориялық және эмпирикалық әдістер, зерттеудегі сандық-сапалық әдіс элементтері, моделдеу әдісі қоладнылды. ІТ-білім, роботатехника элементтері, электрондық оқыту ресурстары сарапталды және 3D негізді компьютерлік бағдарламалар таңдалды. Рецензияланатын жоғары рейтингті журналдарда жарық көрген ғылыми әдебиеттер зерделенді, 3D виртуалды шындықты модельдеу және оның білімгерлерге физикалық құбылысты түсінуіне ықпалы 32 студентке жүргізілген сауалнама арқылы расталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей оқытудың дәстүрлі түрлерімен қатар, 3D модельдеу технологияларын енгізу оқыту тәжірибесін едәуір кеңейтіп, білім сапасын арттырады. Болашақ физака мұғалімдерінің сауалнамадағы жауаптары виртуалды шындықты модельдеу олардың физикалық түсініктерін тереңдету үшін өте пайдалы деп санайтындығын көрсетті. Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта білім беру ұйымдарында физиканы оқыту үдерісінде қолдану және болашақта осы саланың зерттеушілері үшін негізге алынатын ғылыми еңбек ретінде ұсынылады.
БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА 3D МОДЕЛЬДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған July 2023
238
280
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Курбанбеков Б.А.,Раманкулов Ш.Ж., Битибаева Ж.М.,Паттаев А.М.,Усембаева И.Б. , . 2023. БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА 3D МОДЕЛЬДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 172–181. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.018.