Мақалада халық арасында сүлейлер деп аталып кеткен Сыр өңіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларындағы педагогикалық идеялар, олардың тәрбиелік мәні сипатталады. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында Қызылорда облысы аумағында өмір сүрген Базар Базар Оңдасұлы, Жүсіп Ешниязұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуүлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жүсіп Қадірбергенұлы сынды сүлейлердің шығармашылығына талдау жасалған. Заманауи педагогикадағы адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, дін мәдениеті сынды тәрбие бағыттары бойынша жіктеу жүргізілген. Жоғарыда көрстеліген ақындардың өмір ақиқатына, күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінен туындаған тағылымы мол ойлары мен идеяларын негізделген өлеңдеріне тоқталып, мағыналық талдау жасалған.
Сонымен қатар теориялық талдау жүргізілген сүлейлер шығармашылығы жайлы студенттердің білім деңгейі айқындалып, анықтаушы эксперимент сипатталып, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелерді түсіндіру жүзеге асырылған. Эксперимент нәтижелері бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар, шешілетін міндеттер көрсетілген.