Жоғары мектеп жағдайында білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
мақсатты және жүйелі сипатқа ие болуы тиіс, өйткені құзыреттілік тұғыр аясында зерттеушілік
құзыреттілігі болашақ маманның жалпы және кәсіби дайындығының ажырамас құрамдас бөлігі
болып табылады. Мақала биология бойынша лабораториялық практикумдарда білім алушылардың
зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу және оқу
процесіне енгізу мәселелеріне арналған. Мақалада "модель" ұғымының мәні ашылады, және ол
зерттелетін процеске қатысты ақпаратты жүйелендірудегі бағдар болып табылатын эталон ретінде
қарастырылады және студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру процесінің барысын
көрсетеді. Биолог-студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің әзірленген
моделі мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік компоненттердің жиынтығынан
тұрады және олардың арасындағы жүйе құраушы байланыстарды көрсетеді.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БИОЛОГИЯДАН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН МОДЕЛДЕУ
Жарияланған August 2020
101
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
модель, зерттеушілік құзыреттілік, құрылымдық компоненттер, лабораториялық практикум, оқу үдерісі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.Р.Унгарбаева, Н.Д.Андреева, С.Ж.Ибадуллаева, . 2020. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БИОЛОГИЯДАН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН МОДЕЛДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 249–255. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.42.