Авторлар мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында химияны оқыту контексінде
«гуманизация» және «гуманитарлау» ұғымдарын талдайды. Гуманизациялау мен химиялық білім
беруді гуманитарлау процестерінің өзара байланысы көрсетілген. Химияны оқытуды гуманизациялау
оқыту процесінің сипаттамасы ретінде, атап айтқанда, оқытуды ұйымдастыруда гуманистік
құндылықтар мен идеалдардың басымдылығы, студенттің тұлғасына бағытталған білім беру
технологияларын енгізу арқылы қарастырылған. Мазмұнды гуманитарлау оқытудың жаңа
технологияларын, яғни гуманитарлық білім беру технологияларын тудырады, олардың айырым
белгілері – тұлғаның химия-педагогикалық білім беру ортасымен көп жақты белсенді нәтижелі өзара
іс-қимылы ретінде түсінілетін және болашақ химия мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыруға ықпал ететін интерактивтіліктік болып табылады. Авторлар тарапынан химияны
интерактивті оқыту әдістерініңтөрт тобы сипатталған: оң мотивация жасау әдістері, студенттің
интерактивті танымдық когнитивті және практикалық қызметін ұйымдастыру әдістері, рефлексивті-
бағалау әдістері, оқытудың жеке білім беру ортасын дамыту әдістері.
Педагогикалық эксперимент қорытындысы бойынша болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру үшін бейорганикалық химияны гуманизациялайоқытудың тәсілі
берілген.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ГУМАНИЗАЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған August 2020
89
179
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
гуманизациялай білім беру, гуманитаризация, химияны оқыту, білім беру технологиясы, интерактивті оқыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Ж.Өтемісова, Ж.Ә.Шоқыбаев, . 2020. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ГУМАНИЗАЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 256–264. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.43.