Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарияланған July 2023

125

94

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет
Аңдатпа

Шығармашылық күрделі үдеріс, ол адамға ғана тән іс-әрекеттің түрі, оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады. Мақалада болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мәні мен құрылымы қарастырылады. Біздің пікірімізше, болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігі жоғары оқу орнында білім беру үдерісінде білім мен дағдыларын жаңа жағдайларға тасымалдауын, оқу мәселелерін шешуде әрекет ету тәсілін өзгертуін көздейтін, үдерісіне қосылуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаның іс-әрекеті, оның құрылымы келесі компоненттерден тұрады: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік. Болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мотивациялық компоненті болашақ мамандыққа оң мотивациясының, шығармашылық әлеуетіне саналы қызығушылығының құндылық көзқарасының болуын сипаттайды. Болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың когнитивтік компоненті шет тілі мен оны оқыту әдістемесі бойынша кәсіби білімін және  психологиялық-педагогикалық білімін көрсетеді. Болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың іс-әрекеттік компоненті шет тіліндегі қарым-қатынасты логикалық түрде құра білу, сабақ бере білу, педагогикалық қарым-қатынас жасай білу, өзін-өзі тәрбиелеу біліктілігі  мен кәсіби іскелік пен дағдылар жиынтығын қамтиды. Зерттеу барысында жоғарғы оқу орнының білім беру үдерісінде болашақ шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігінің құрылымдық компоненттерінің (мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік) қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау мақсатында эксперименттік тәжірибеде қолданылатын әдістемелер таңдап алынды. Болашақ шет тілі мұғалімдері ретінде студенттердің шығармашылық белсенділігінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау үшін компоненттері мен өлшемдері анықталды. Авторлардың пікірінше, жоғарғы оқу орнының білім беру үдерісінде болашақ шет тілі мұғалімі ретінде студенттің шығармашылық белсенділігі іс-әрекеттің мазмұнын, білім мен іс-әрекет тәсілдерін табысты меңгеру ұмтылысына, іс-әрекеттің мақсатына жету үшін адамгершілік-еріктік күш-жігерін жұмылдыруына қатынасынан көрінетін тұлғаның іс-әрекетінің сапасын сипаттайды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Толбасиева А.А., Лекерова Г.Ж., Усенова А.М., . 2023. БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 216–225. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.023.