Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Ақпараттық технологияларды мұғалімдерді даярлауға интеграциялау: әдістемелік тәсіл

Жарияланған December 2023

91

93

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың орны, маңызы мен қолданылу аясы қарастырылған, ақпараттық технологиялар турасында сипаттамалар берілген, химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік мақсаттары мен міндеттері жөнінде бағыттар көрсетілген. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардың білім беру ісіндегі орны мен маңызы, бағыты мен мақсаттары, міндетті жинақталып баяндалған. Бұл бағыттағы технологиялар ақпараттық және бағдарламалық болып жіктелетіні және олардың әрбірінің өзіндік қызметтері мен ерекшелектері айқындалған. Жалпы педагогикалық үдерістер, оның ішінде химия пәні бойынша білім алушыларға білім беру барысында ақпараттық технологиялар мен бағдарламаларды тиімді пайдалану тәсілдері қарас-тырылған.

Білімді жеткізу және меңгерту оқыту барысының маңызды құрамдас бөліктері және негізгі мақсаттарының бірі ретінде білім алушылардың танымдары мен құзыреттіліктері қалыптасуына және артуына, сол арқылы қоғамға пайдалы тұлғалар мен азаматтарды тәрбиелеп оқытуға бағытталған бағдарлы шаралар мен әрекеттердің, ұмтылыстардың жиынтығы ретінде көрініс береді. Білім сапасын биіктету, дәрежесін көтеру арқылы жалпы қоғам әлеуметтік және экономикалық, технологиялық тұрғыда дамуға, ілгерілеуге, әлемдік қауымдастық арасында бәсекелестік қабілетін өсіруге мүмкіндік алады. Педагогикалық ізденістер мен қол жеткізілген нәтижелер тұрғысынан қарағанда химия пәнінің маңызы бүгінгі таңдағы өндірістік және технологиялық жаңғыру дәуірінде өзгеше мән мен мағынаға ие болып келе жатқанын байқауға болады. Бұл ретте ақпараттық технологиялардың қадірі мен маңызы жыл өткен сайын артып келе жатқаны жасырын емес. Химия пәні мұғалімдерінің алдында тұрған сәулелі мақсаттардың қатарында білім алушыларға заттардың қасиеттерін, өзгерістерін зерттейтін және сол өзгерістерді туындатуға қозғау болатын себептерді тануға бағытталатын қызғылықты да күрделі пәннің маңызы мен қасиеттерін ақпараттық технологиялардың жетістіктерін пайдалан отырып түсінікті әрі сенімді түрде жеткізе білу.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Туймебаева Г.Е.,Кобланова О.Н., Мехмет-Али Озлер, Абдуразова П.А. , . 2023. Ақпараттық технологияларды мұғалімдерді даярлауға интеграциялау: әдістемелік тәсіл. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 65–76. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.007.