Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған February 2023

118

168

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің имиджін қалыптастырудағы «имидж», «педагогикалық имидж» ұғымдарының мәні сипатталып, мазмұны талданады. «Имидж» түсінігінің философиялық (денсаулық, сұлулық «өз табиғатымен, жеке құндылық», даналық, əділдік, тұрақтылық, сабырлылық, адамның энерго ақпараттық өрісі); психологиялық (мінез-құлық, бір нәрсенің бағытталуы және кәсібилікте амал, құрал, танымдық элементтер) және педагогикалық (кәсіби жолдағы жеке және мамандыққа байланысты тартымдылық құпиясы; ішкі бейненің мамандықпен сәйкестігі) аспектілері баяндалады. «Имидж», «педагог имиджі» ұғымдарына контент-талдау ұсынылады. «Педагогикалық имидж» түсінігі жіктеледі. Теориялық талдаулар барысында имидждің екі түріне сипаттама беріледі. Олар: тартымды имидж және сыртқы имидж деп беріледі. Тартымды имиджге: ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің сыртқы имиджін құраушылар: мимика, дауыс күші мен тембрі, костюм, қимыл, мәнер. Сыртқы бейнеде үйлесімді әсер қалдыру үшін: мәнерлі сөйлеу, стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу, тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу қажеттігі бар екендігі айтылады.

Эмпирикалық бөлімде имиджді қолдау мақсатында диагностикалауға арналған «Өзін-өзі дамыту және кәсіби-педагогикалық қызмет деңгейін диагностикалау әдістемесі» (Л.Н. Бережнова) бойынша диагностикалық жұмыстар барысы түсіндіріледі. Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Турсынбек Г.П., Кадирсизова Ш.Б.,Махамбетжанова А.Т., . 2023. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 86–96. DOI:https://doi.org/10.51889/7917.2022.34.41.009.