Білім беруді жаңғыртудың қазіргі жағдайында практиканың әртүрлі формалары мен түрлерін
ұйымдастыру мен өткізуде вариативтілік байқалады. Сондықтан өндірістік практиканы студенттің
кәсіби және жеке тұлғалық өсу қарқындылығының және оны қызметтік міндеттерін орындау арқылы
нақты іс-әрекетке қосудың факторы ретінде қарастыру өте өзекті болып отыр.
Бұл мақалада студенттердің – ЖОО-дағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің –
практикасын ұйымдастыру мәселесі талданады, оны тиімді жүзеге асырудың педагогикалық
шарттары сипатталған.Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қызметке дайындауда
педагогикалық практиканың ерекше рөлі бар екендігі көрсетілген, өйткені практика жаңа нәрселерді
ашуға деген ынтаны тудырады, оқып- үйренгендеріне қызығушылығын оятады, студентте
педагогикалық қызмет туралы, оны тану мен игерудің нақты жолдары туралы, кәсіби шеберліктің
біртіндеп жетілуі туралы біртұтас түсінік қалыптастырады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚПРАКТИКАБОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған August 2020
70
194
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
кәсіби даму, тұлғалық компонент, кәсіби қызмет, педагогикалық өзара іс-қимыл, шеберлік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кдырбаева А.А., Рябова Е.В., Абдыкадыров А.О., . 2020. ПЕДАГОГИКАЛЫҚПРАКТИКАБОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 198–204. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.34.