Аталмыш зерттеуде honors college академиялық үстемдік моделі негізінде білім беру саласына кадрларды даярлау мәселелесі қарастырылады. Авторлар аталмыш мәселе бойынша нормативті -заңнамалық, ғылыми- педагогикалық, арнайы әдебиеттерді талдай келе, honors college академиялық үстемдік моделі туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға тырысты. Аталмыш тұжырымдаманы жүзеге асыру бойына жүргізілген салыстырмалы талдау шетелдік жоғары оқу орындарының академиялық үстемдік бағдарламаларының ерекшеліктерін анықтады.
Сонымен қатар, авторлар 2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде пилоттық режімде еңгізілген Honors College бағдарламасының кейбір мәліметтерін келтірген. Honors College жобасының мақсаты студенттерге қосымша білім беру мен өндірістік практика базаларын кеңінен ұсыну арқылы Қазақстанның мамандандырылған мектептері үшін кәсіби мұғалімдерді даярлау. Honors College жұмысының жоспарына сәйкес студенттер Алматы қаласының Республикалық физика- математикалық мектебінің базасында қндірістік практика өткен.