Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОО-НА БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған July 2023

147

116

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университет
Аңдатпа

Мақала студенттердің жоғары оқу орнының білім беру ортасына  бейімделу мәселесі қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық зерттеулерде    өзекті мәселесі ретінде қаралады.   Мақалада студенттердің жоғары оқу орнының білім беру ортасына бейімделу мәселелері бойынша әртүрлі авторлардың еңбектеріне талдау берілген. Авторлар қазақ диаспорасы өкілдері болып табылатын шетелдік студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындарына бейімделуі  мәселесінің өзектілігіне назар аударады. Авторлардың айтуынша,  қазақ диаспорасы  өкілдері болып табылатын шетелдік студенттердің барлығы қазақстандық жоғары оқу орындарына белгілі бір себептермен (коммуникативтік дағдылары, жеке қасиеттері  және т.б.) т ез әрі табысты бейімделіп кетпейді.

      Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау үшін мақалада қазақ диаспорасы өкілдері болып табылатын шетелдік студенттер арасында жүргізілген эмоционалдық жағдайын өзін-өзі бағалау сауалнамасының нәтижелері берілген. Зерттеу барысында авторлар қазақ диаспорасы өкілдері болып табылатын шетелдік студенттердің эмоционалдық жағдайының деңгейін көрсететін тиісті деректерге қол жеткізді. Нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру ортасына сәтті бейімделуге оңтайлы бағытталған жағдайлар анықталды. Осы мақаланы жазу аясында қазақ диаспорасының өкілдері болып табылатын шетелдік студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындарына табысты бейімделуі үшін ұсыныстар тұжырымдалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кажғалиева А.М.,Акажанова А.А., . 2023. СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОО-НА БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 145–153. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.015.