Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

каз МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Жарияланған July 2023

163

124

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университет
Аңдатпа

Аңдатпа

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың бойына адамгершілік мәдениетті қалыптастыру мен рухани құндылықтарын тәрбиелеу мәселесінің алғышарттары көтерілген. Зерттеудің  өзектілігі: өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу барысында олардың санасында моральдық түсініктер, ізгі әдеттер және жағымды мінез-құлық мотивтері кешенді түрде қалыптасады. Өз кезегінде бұл мектеп жасына дейінгі балаларда адамгершілік тәрбие жан-жақты және түбегейлі орнығуына қол жеткізеді. Ал адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі – ұлттың ғасырлар сынынан өткен салт-дәстүрі мен мәдениетінде.

Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мәдени мінез-құлқын қалыптастыру үшін оқу-тәрбие мекемелерінің тәжірибелері, ғылым жетістіктері сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатқан халықтық тағылымдар да өз алдына түрлі әдіс, тәсіл, құралдар арқылы пайдаланылады. Балаларды қанағатшылдыққа, ұстамдылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу үшін жүргізілген педагогикалық зерттеудің нәтижесі мақаланың эксперименттік бөлімінде берілген.

Мақалада қарастырып отырған адамгершілік тәрбиеміз, балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі педагог-тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бельгибаева Г.К., Бейсенбекова Г.Б., . 2023. каз МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 79 (Лип 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.032.