Мақалада қазіргі кездегі өзекті векторлардың бірі ретінде болашақ педагогтарды даярлау процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесі қарастырылады. Осы зерттеу жұмысында жоғары оқу орындарының оқу процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесіне теориялық талдау жасалып, эксперименттік зерттеу жұмысы негізінде сандық-сапалық талдау берілген. Атап айтқанда, мақалада болашақ педагогтарды даярлау процесінде қолданылатын цифрлық технологиялар туралы теориялық түсінік берілген, олардың қазіргі білім беру жағдайындағы қажеттіліктері мен мүмкіндіктері қарастырылған. Мұнда білім беру кеңістігінде цифрлық оқыту ортасын құру және жақсарту үшін қолданылатын әртүрлі құралдар мен ресурстар туралы айтылады. Ойлау әрекеттерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын дамыту, визуализацияны, идеяларды біріктіруді және т. б. дамыту. Зерттеу барысында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін цифрлық педагогика негізінде зияткерлік міндеттер жүйесін құруға баса назар аударылған. Эксперименттік зерттеу барысында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен «Bolashaq» академиясының педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері арасында сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама google әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді. Сауалнама нәтижелері талданып, қорытындылар жасалды және болашақ педагогтарды даярлау процесінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мүмкіндіктер қорытындыланды.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
Жарияланған July 2023
181
153
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
цифрлық технологиялар
цифрлық оқыту
цифрлық сауаттылық
ғаламтор
цифрлық оқыту ортасы
қашықтықтан оқыту
ғаламтор–ресурстар
платформалар
электрондық оқыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Nurkenova G.,Mazhenova R., Danek Ia., Asakaeva D., Abilkassimova G, . 2023. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 163–172. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.017.