Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

АВТОЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІС: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Жарияланған July 2023

136

91

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Автоэтнографиялық әдіс: ғылыми зерттеудің тәжірибесі

 

Аңдатпа

Мақалада зерттеуші жаңа басқарушы мектеп өміріндегі алғашқы кезеңі өзіндік маңыздылығымен ерекшеленетінін көрсетеді. Себебі бұл кезең - жаңа рөлдер мен жауапкершіліктерді қабылдау үшін негіз болатын іс-әрекеттердің бастамасы. Бірінші жыл ішінде мектеп директорлары көптеген мәселелерге тап болып жататынын және осы мәселелермен қалай күресетіні олардың болашақ мансабына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Жаңа бастаған директорлар осы алғашқы жылдың ішінде мектеп өміріне көшбасшы ретінде қарай бастайды. Көптеген жаңа міндеттердің арасындағы тепе-теңдікті табу салдарынан, мектеп көшбасшыларының өз тәжірибелерін, мансап жолын не үшін таңдағандығын, жұмыс барысында тап болған мәселелер мен оларды шешу жолдарын саралауға мүмкіндіктері болмайды. Білім беру саласындағы реформалар аясында, жаңа мектеп көшбасшылары өздерінің рөлдерін қалай қабылдағанына, бұл өз кезегінде, олардың жаңа міндеттеріне қатысты әрекет етуіне назар аударған жөн. Осыған байланысты, бұл зерттеу жұмысының қатысушысын осы мансап жолын таңдауға талпындыратын себептерді зерттеуге бағытталған. Бұл зерттеу Қазақстандағы бір мектеп директорының өмірлік тәжірибесін қарастырады, ол осы лауазымда бірінші жыл жұмыс атқарады.

Бұл зерттеуде бірінші жылда жазылған күнделік жазбалары, жеке естеліктер, презентациялар және электрондық пошта сияқты деректерге негізделген, директордың тәжірибесі туралы жеке көзқарас қарастырылған. Осы зерттеуді жүргізу үшін автоэтнографиялық әдіс қолданылды. Аталмыш әдіс Қазақстанда кеңінен қолданысқа ие емес. Дегенмен, білім беру саласын зерттеушілері арасында автоэтнографияның зерттеу әдісі ретінде халықаралық тәжірибеде айтарлықтай танымал екенін әдебиеттерге шолу жұмыстары көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеуші бұл мамандықты таңдаудың негізгі себептері - оқушыларды ынталандыру, адамдармен жұмыс істеу және «сәулетші» болу мүмкіндігін атап өтеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша, зерттеушінің алдында басқалардың өзгерістерге қарсылығы, мектеп мәдениетінің жаңаруы, жағымсыз жағдайлар мен қақтығыстардың шешілуі, стресстік сәттерді жеңу қажеттілігі, сондай-ақ оқу процесінің «сәулетшісі» ретінде іске асырылуы сияқты мәселелер туындады. Теріс, стресстік сәттер мен қақтығыстармен күресудің түрлі әдістерін қолдана отырып, әртүрлі қиыншылықтарға төзімділікті барынша азайту арқылы ол осы проблемаларды шеше білді. Осы зерттеудің соңында аталмыш лауазымда бірінші жылда жұмыс істейтін білім беру саясат әзірлеуші мекемелер мен директорларына бірқатар ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер: автоэтнография, мектеп директоры, көшбасшы, мамандық таңдау, жаңа, ұсыныстар.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Nurlanov Sh., . 2023. АВТОЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІС: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 25–32. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.003.