Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті нашар балаларға білім беруді ұйымдастыру стандарттары мен нормаларына салыстырмалы талдау жасайды. Бұл елдерде есту қабілеті бұзылған балалар үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың проблемалары атап өтілді, мысалы, есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқу материалының жетіспеушілігі, егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін ымдау бойынша типтік арнайы білім беру оқу бағдарламалары, ымдау тілі мұғалімдерінің және елдегі ым аудармашыларының жетіспеушілігі, саңырау балаларға арналған білім беру орталықтары мен мамандандырылған клубтардың жоқтығы, оқытуды талдаудың жоқтығы. Салыстырмалы талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі бекіткен инклюзивті топтардың білім беруді ұйымдастыруға қатысты стандарттары қолданылды. Талдау негізінде Қазақстанда есту қабілеті бұзылған балаларға білім беруді одан әрі дамытудың міндеттері мен перспективалары келтірілген. Атап айтқанда, естімейтін балаларға инклюзивті білім беру саласында жинақталған олқылықтарды толтыру үшін одан әрі зерттеу жолдары белгіленді.