Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ДАМЫТУШЫЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жарияланған August 2020

93

231

Аңдатпа

Мақалада ғылыми деректердің негізінде «білім беру ортасы», «пәндік – дамытушылық орта»
ұғымдарына шетелдік авторлардың берген анықтамалары бойынша талдау жасалған.Сонымен қатар,
білім беру ортасының компоненттері,міндеттері,талаптары және қағидаттары жайлы айтылған.Кез
келген жас топтарының пәндік-дамытушы ортасын құру кезінде, тәрбие-білім беру процесіне
қатысушылардың өзара іс-қимылының психологиялық негіздері, заманауи ортаның дизаины, осы
орта бағытталған жас топтарының психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Мектепке дейінгі білім
беру заңнамасындағы жаһандық өзгерістерге байланысты барлық балабақшалар, олардың
интерьерлері, материалдық-техникалық жабдықталуы жаңартылуда. Балабақша өзгерту және қайта
құру процесінде, ойын жабдықтарын, балалар мен ойын жиһаздарын жаңарту тәрбиеленушілерге
жағымды әсер етеді.Балалар еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы болғандықтан, мектепке
дейінгі сапалы тәрбие мен оқыту және балалардың қабілеттерін дамыту, қоғам үшін өте маңызды
болып табылады.Жайлы орта балалардың психофизикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді,
олардың білім беру қызметіне оңтайлы қосылуына, өзін-өзі табысты іске асыруына ықпал етеді,
оқыту және тәрбиелеу процесі субъектілерінің өзара жағымды қарым-қатынасын күшейтеді, баланың
белсенділігіне, сенімділігіне, шығармашылықтың көрінуіне ықпал етеді.Сол себепті баланың ортасы
жайлылық, яғни қолайлылық, қауіпсіздік критерийіне сәйкес келуіне жағдай жасауымыз керек.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Капенова А.А. Курманжанова Г.Е, . 2020. БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ДАМЫТУШЫЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 304–309. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.51.