Мақалада есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында және арнайы мектеп-
интернатындатәрбиелеудің жолдары қарастырылған. Ата-аналарға және есту қабілеті зақымдалған
мектеп-интернатының тәрбиешілерімен оқытушыларына арналған ұсыныстар берілген. Есту қабілеті
бұзылған балалар есту қабілеті қалыпты балалармен бірге өмір сүруі және олармен бірдей қарым-
қатынаста болуы тиіс. Бұл осындай балалардың әлеуметтендірудің мәселесі болып саналады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу- мұндай балаларды қоғамға олардың белгілі бір
құндылықтар мен жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын алуы және меңгеруі үшін
интеграциялаудан тұрады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды табысты тәрбиелеу, әлеуметтендіру
шарттарының бірі оларды дербес өмірге дайындау, «ересек өмірге» аяқ басу кезінде оларға қолдау
көрсету және көмек көрсету болып табылады, ең алдымен балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін
отбасында және білім беру мекемелерінде педагогикалық жағдай жасау қажет. Соңғы жылдары
ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін, білім
саласында көптеген өзгерістер ендіріліп отыр.
Бұл жұмыста есту қабілеті зақымдалған балаларды дұрыс тәрбиелеу арқылы әлеуметтік ортаға
бейімдеудің жолдары қарастырылған. Осы тақырып бойынша әртүрлі ғалымдардың еңбектері
талданды және талдай отыра әдістемелік ұсыныстар беріліп, қорытынды жасалды.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Жарияланған August 2020
120
292
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
есту қабілеті зақымдалған балалар, отбасының рөлі, тәрбиелеу, психологиялық бұзылыс, онтогенетикалық қағида, орын толтыру.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Ө. Равшанова, . 2020. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 294–299. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.49.