Мақала мазмұнында бүгінгі цифрлық дәуір талаптарына орай жоғары оқу орындарында оқыту
мен білім берудің қайта зерделеніп, зерттелуінің маңызы туралы баяндалады. Бұл міндет қазіргі
цифрлық дәуірде ЖОО-да білім беру сапасын арттыру мен тиімді оқыту дизайнын құрудағы әлемдік
дидактика теориялары мен тәжірибелерін негізге ала отырып, озық үлгілерін игеру арқылы ғана
жүзеге аспақ. Автор бүгінде педагогиканың қайта зерделенуінің қажеттілігінің негізгі себебі
медиабілім беру жүйесінің дамуы мен цифрлық технологиялардың дидактика теориясы мен
тәжірибесіне қарқынды түрде енуінде деп түсіндіреді. Әлемдік педагогика деңгейінде ғалымдар
көтерген онлайн оқыту мен оқу мүмкіндігі және виртуалды білім алудың барлық дағдыларын,
цифрлық технологиялардың тәжірибеде кең ауқымда толық қолданылуын жүзеге асыруға баса назар
аудару қажеттілігі туралы сөз етіледі.Жүргізілген талдаулар негізінде автор тәжірибеде қолданған
ақпараттық технологияларға негізделген интербелсенді оқыту мен оқу әдістерінің тиімділігі, маңызы
туралы тұжырымдар жасайды.
ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ ОҚЫТУ ДИЗАЙНЫН ҚҰРУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған March 2020
56
240
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жоғары мектеп дидактикасы, жоғары білім беру, оқыту, оқыту дизайны, оқытудың (оқудың) әдіс-тәсілдері, интербелсенді әдістер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бахтиярова Г.Р. , . 2020. ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ ОҚЫТУ ДИЗАЙНЫН ҚҰРУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 64 (Бер 2020), 65–71. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.11.