Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ОҚУ БАРЫСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ АКТОРЛАРЫ

Жарияланған April 2023

151

114

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада білім алушылардың адал емес мінез-құлқы, алдау, алаяқтық ұғымдарымен академиялық алаяқтық феномені қарастырылады. Академиялық алаяқтық акторының портретін 40-тан астам шетелдік зерттеулерді талдау негізінде (Cizek, , McCabe, Whitley, Bowers, Jacobson, Berger, Millhan, Haines, Diekhoff, LaBeff, , Calabrese & Cochran, Davis, Grover, Becker, & McGregor, Michaels & Miethe, Newstead, Franklyn-Stokes, & Armstead, Anderman и Midgley, Evans, Craig, & Mietzal, Diekhoff, Haines, Rettinger & Jordan, Michaels & Miethe; Smith, Ryan, & Digging, Taylor, Pogrebin, & Dodge, Schab, Dawkins, Murdock, Hale, & Weber, Finn & Frone, Kerkvliet, Roig & DeTommaso, Malinowski & Smith, Ward & Beck, Шмелева, Дремова және басқалары) анықтау зерттеудің мақсаты болып табылады. Авторлар академиялық емес сипаттағы мінез-құлықтың болжаушыларын тұлға түрі және локус бақылау ретінде: гендерлік, мәдениетаралық айырмашылықтар, отбасылық жағдай, діни нанымдар, өзіндік тиімділік көрсеткіштері, білім алушылардың қабілеттілік деңгейі, пәндік сала, топтық менталитет, бауырластық немесе әйелдер клубтарына мүшелік, академиялық үлгерім, оқу мақсаттары, пәндік салаға ішкі қызығушылық, өзін-өзі бақылау, физиологиялық ерекшелеріктер (импульсивтілік, сезімге деген қажеттілік, сенсацияға деген ұмтылыс), моральдық даму және қосымша тұлғалық сипаттамаларын анықтайды. Зерттеуді талдау академиялық алаяқтық субъектісінің нақты профилі жоқ екенін көрсетіп, жоғарыда аталған барлық айнымалыларды (демографиялық, академиялық, мотивациялық және тұлғалық сипаттамалар) осы мінез-құлық жүзеге асырылған ситуациялық факторлар тұрғысынан да қарастыру керек екендігін көрсетеді. Зерттеулерде академиялық алаяқтықты жазаланбайтын, жиі назардан тыс қалатын және технологиялық тұрғыдан қарапайым қылмыс ретінде қарастырады, ал бұл өз кезегінде осы саладағы болашақ зерттеулер үшін проблема болып табылады.

pdf (Русский)