Мақала қазіргі әлемнің көптеген елдерінде орын алып отырған сын-қатерлер жағдайында еліміздегі болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде қоғамдық санасын жаңғыртудың ерекшеліктері мен тиімділігіне арналған. Өйткені Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында елімізде және қазіргі әлем елдерінде ғылымның дамуы жаһандық сын-қатерлер және қауіпті жағдайда болып отырғандығы көрсетіліп, осы жолдағы негізгі бағыттардың қатарына қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру механизмдерін қарастырған. Қазіргі нарықтық дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық салалармен бірге болашақ педагогтардың жаһандық бәсекелестік жағдайында қоғамдық санасын жаңғырту мәселесі өзекті болып отыр. Ғылыми тұрғыдан қоғамдық сана - көп аспектілі ұғымды құрайды. Оның ең басты ерекшелегі жеке тұлғаның өзіндік дүниетанымы мен жалпы қоғамға деген қатынастарының рухани бірлігінен тұрады. Қоғамдық сананың құрылымына жеке тұлғаның адамгершілік, эcтетикалық танымынан бастап қоғамдық идеялар, құқықтық, философиялық, саяси, ғылыми білімдер жүйесі енеді. Өз кезегінде қоғамдық сана жеке тұлғаның болмысын көрсетіп қана қоймай, сол көрсетілген нысанды өзгертіп, дамытады.
Зерттеудің мақсаты болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде қоғамдық санасын жаңғыртудағы жүзеге асырудың теориялық және тәжірибелік тұрғыдан мазмұнын ашу, эксперимент арқылы тексеру, тиімділігін дәлдеу болды.
Қорытындылай келе автор жаһандық сын-қатерлер жағдайында болашақ педагогтардың қоғамдық санасын жаңғырту мақсатты ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмысының барысында оң нәтиже беретінін дәлелдейді. Зерттеудің нәтижесінде кәсіби даярлау жүйесінде аталмыш мәселенің қазіргі кездегі мүмкіндіктері анықталды.