Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарияланған February 2023

129

115

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Қазіргі қоғам халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесін дамытуды қажет етеді. Ол балалық шақтағы құқықбұзушылық пен жасөспірімдердің нашақорлығының артуы, компьютерлік тәуелділік пен балаларда «виртуалды» агрессияның жиіленуі, жас ұрпақта жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне қатынасының өзгеруі (қарым-қатынас мәдениеті, толеранттылық, жанашырлық қабілеті, мұқтаж адамдарға көмекке келу ниеті) секілді мәселелердің туындауымен байланысты. Бұл мәселелерді шешу мамандандырылған мамандардың - әлеуметтік педагогтардың кәсіби көмегінсіз мүмкін емес. Сондықтан  жоғары білікті, кәсіби табысты әлеуметтік педагогты дайындаудың қажеттілігі динамикалық ақпараттық және педагогикалық кеңістікті бағдарлану, инновациялық технологияларды енгізу, кәсіби іс-әрекетінде интегративті білімге дайын болуды талап етеді. Мұндай кәсіби дайындық болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының мәні мен құрылымы қарастырылады. Шетелдік және отандық авторлардың кәсіби табыстылығының маңызды және мазмұнды сипаттамалары жөніндегі ғылыми еңбектері талданады. Теориялық талдау, нақтылау, жалпылап, жүйелеу әдістері арқылы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылық феноменін құрылымы мен функцияларын бірлікте қарастыру оның көп өлшемді феномен деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шолпанкулова Г.К., Утегенова М.С., . 2023. ИННОВАЦИЯЛЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 77 (Лют 2023), 51–59. DOI:https://doi.org/10.51889/8996.2022.89.58.005.