Мақалада дуальді оқыту элементтерін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесіне ендіру
қарастырылады. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап ХХІ ғасырдың басында педагогикалық жоғары
оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде дуальді оқыту элементтерінің көрініс табуы негізделеді.
Мұнда дуальді оқыту элементтерін ендіру деп айтылмағанымен, осы жылдары болашақ
мұғалімдердің кәсіптік техникалық даярлығына аса көңіл бөлінуі себепті, практикалық даярлыққа,
өндірістік практикаға баса назар аударылғанын қарастырылған.
2014 жылдан бастап елімізде дуальді оқыту элементтерін республиканың білім беру жүйесіне
ендіру мақсатында қарастырылған отандық диссертациялық зерттеулер мен ғылыми жобалар жанжақты талданады.Жоғарғы оқу орны бітірушілері мен жұмыс берушілерден сауалнамалар алынды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесіне дуальді-оқыту
элементтерін ендіру мүмкіндіктері анықталады.
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Жарияланған August 2020
84
146
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ұ.М.Әбдіғапбарова, А.А.Сманова, А.Т.Кенжебаева, . 2020. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 112–119. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.19.