Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ

Жарияланған February 2023

151

164

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалау-зерттеу әрекетін ұйымдастырудың ағымды жағдайы өткізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша талданған. Тақырып бойынша әдеби шолу жасалынып, зерттеуде, сонымен қатар, бастауыш мектептегі жобалау-зерттеу әрекетінің маңыздылығы мен қажеттілігі қарастырылған. Бұл зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалау-зерттеу әрекетіне көзқарасын және олар кездесетін қиындықтарды айқындау. Осы мақсатта диагностикалық сауалнама жүргізілді және нәтижелер талданды.  Барлық мектептерде жобалау-зерттеу әрекеті ұйымдастырылғанмен респонденттердің жартысынан көбі аталған әрекетті ұйымдастырмайды және қалай ұйымдастыру керек екенін білмейді. Мақалада көрсетілген диагностика кешенді зерттеудің бастапқы бөлігі болып табылады. Зерттеу кейбір мұғалімдердің оқушылармен жобалау-зерттеу әрекетін ұйымдастырмауының негізгі себептерін көрсетеді.

Мақалада бастауыш сынып мұғалімдердің жобалау-зерттеу әрекеттеріне қатысты ұсынылған тұжырымдар зерттеудің келесі кезеңдерінде жалғасын тауып, нақтыланады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Yessimbekova A., Zhakipbekova S., Petkova I. , . 2023. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 258–266. DOI:https://doi.org/10.51889/8775.2022.30.63.026.