Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған April 2023

126

139

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада мектеп географиясының «Әлеуметтік география» бөліміндегі  дүниежүзі халықтарының ұлттық, діни және тілдік құрамын, мәдениет орталықтарына байланысты  тақырыптарды оқыту барысында білім алушылардың білімі мен білік дағдыларын іс жүзінде шынайы өмірде қолдануға мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі бағыттары, тиімді әдістері мен технологиялары қарастырылған. 

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін білім алушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін сандық карталармен, қосымша білім көздерімен жұмыс істеуді қажет ететін  қолдану, талдау, жинақтау, бағалау, үлгілеу деңгейіндегі тапсырмалар жүйесі берілген. Сонымен қатар, жүргізілген эмпирикалық зерттеулердің нәтижелеріне жасалған  талдаула негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын  арттыру, «Ірі өркениет орталықтары», «Дүниежүзі халқының ұлттық, тілдік және діни құрамы» тақырыптарын  өту барысында, тіл әулеттерінің таралу ерекшеліктерін  зерделеуде заманауи белсенді және интербелсенді әдістер мен технологияларды қолданудың  маңызын жан-жақты талдау жасалған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сатыбалдиева А.У., Каймулдинова К.Д. , . 2023. ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 78 (Квіт 2023), 162–170. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.017.