Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ АНИМАТОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДА АРТ-ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жарияланған February 2023

139

190

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ әлеуметтік педагогтің қызметі мен міндеттері жайлы сөз қозғалады. Артпедагогиканың мүмкіндіктері мен қазіргі уақыттағы қажеттілігі айтылып, оның қолдану аясы талқыланды. Қазіргі әлеуметтік-мәдени анимация "3d" формуласы ретінде анықталады: delassiment (релаксация) → divertissement (ойын-сауық) → development (даму) және осы формуланы біз өз зерттеулерімізде толықтай қолдандық. Осы үш негізге сүйене отырып, педагогикалық анимацияның жалпы және қосымша білім беру жүйесіндегі рөлі талданып, қолданатын әдіс-тәсілдер таңдалынды. Педагогикалық анимация аясында оқушылардың аниматорлық әрекетінің басты ерекшеліктеріне мән берілді. Әлеуметтік педагогтар оқушылардың аниматорлық әрекетін ұйымдастыру үшін арт-технологияларды қолданады. Арт-технологияға музыка, би, қолөнер, сурет салу, кескіндеме, мүсін жасау, қуыршақ театры сияқты өнердің түрлері жатады. Мақаланың  мақсаты – оқушылардың бос уақытын  көркем шығармашылық арқылы интеллектуалды белсенділігін арттыру. Зерттеудің өзектілігі қоғамның білікті мамандарға – жас ұрпақтың бос уақытын сауатты басқара алатын әлеуметтік педагогтарға қажеттілігімен анықталады. Әлеуметтік мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру салаларының бірі – арт-технология, яғни әлеуметтік-мәдени сала мен білім беру мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың қоғамдағы бос уақытын ұйымдастыру. Мақаланың нәтижесі оқушыларға боямақтарды бояту арқылы олардың ішкі күйлеріне үңіліп, олардың мінез-құлқындағы өзгешеліктерді анықтау. Алынған нәтижелер әлеуметтік педагогтің алдағы жұмыстарына бағыт береді. Жасалынған зерттеу жұмысы нәтижесінде арт-технология арқылы оқушының әлеуметтік ортаға сіңуі, қабілетін тануы, өзіне деген сенімділігі артуы анықталады. Мақалада әлеуметтік педагогтар қолданатын әдіс-тәсілдер мен арт-технологияның маңыздылығы толықтай сипатталады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Әлқожаева Н.С., Батырбекова Д.Д., . 2023. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ АНИМАТОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДА АРТ-ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 155–164. DOI:https://doi.org/10.51889/3541.2022.74.61.016.