21 ғасыр дәуірі көбінесе технология дәуірі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда технология біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Технологияның әсері барлық мүмкін салаларда сезіледі және осындай салалардың бірі білім беру саласы болып табылады. Әлемде білімпаздар білім технологияларын жасап, бірінен-бірі озып жатқан заманда, елімізде әлемдік технологияларға қол жайып отырғанымыз қынжылтады және алаңдатады. Өйткені, шетелдік EdTech жобаларын біліктілікті көтеру үшін (мысалы, Коурсера) немесе тіл үйрену үшін жеке қолданғанымыз болмаса, жаппай мемлекеттік деңгейде нақты EdTech жобаларында білім алу қарастырылмаған және елімізде ағылшын тілін оқытудың жеке курстары болмаса, ресми онлайн EdTech сияқты жобалар жоқ екені шындық. Жалпы зерттеулерде ағылшын тілін оқытуда онлайн технологияларды қолдану мәселесі сөз болғанда, көбінесе аудиторияда сабақ барысында онлайн құралдарды қолдану айтылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, дәстүрлі сабақ өткізу мен технологияларды араластырудың да өзіндік проблемалары бар екен. Ұсынылған мақалада ағылшын тілі сабақтарында EdTech жобаларын қолданудың ерекшеліктері, оның ішінде артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама және сұрақ-жауап ұйымдастырылып, нәтижелері талданды.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА EDTECH ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған October 2023
102
101
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
білім беру технологиясы жобалары, дәстүрлі сабақтар, ағылшын тілін оқыту, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Kadirsizova Sh.,Zhunussova Zh., . 2023. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА EDTECH ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Жов 2023), 202–211. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.017.