Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын табыс жағдаяты арқылы қалыптастыру жолдары қарастырылады. Табыс жағдаяты оқуға деген мотивацияны тудырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, сонымен қатар сабақты бір сарынмен емес, түрлендіріп жүргізуге ықпал етеді. Сонымен қатар мақалада білім алуға тұрақты қызығушылық болған кезде оның танымдық функциялары мен өмірлік дағдыларын дамыту процесі айтарлықтай жеңілдейтіні; қызығушылықтар, міндеттер мен мақсаттар мотивациялық факторлар жүйесінде негізгі рөл атқаратыны сөз болады.
Мұғалімнің негізгі міндеті – білім алушыларға қазіргі өскелең өмір талабына сай білім беру және оларды осы өмірге бейімдеу. Ол оқу процесінде оқу мотивациясын қалыптастыру арқылы білім алушылардың пәнге қызығуын аттырады, олардың өздігінен ізденуіне, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, өзара пікір таластыра білуге үйретеді. Табыс жағдаятын жасау әдістерінің жүйесі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық даралығын дамытуға ықпал ететіні көрсетілген. Бастауыш мектептің білім беру ортасында баланың осы процеске оқу-тәрбие процесінің барлық субъектілерін қосу арқылы табысқа жету жағдайларын құруға педагогикалық қолдау көрсетудің тиімділігі қаралды.
Кез-келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын мұғалім, ең алдымен оқушылардың оқуға деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп–тамырын іздеуге талпынады.
Білімді игерудегі белсенділіксіз белсенді тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес. Мұнда көп нәрсе педагогтың шеберлігіне, оқу үрдісін ұйымдастыру қабілетіне, оның шығармашылығына және оқытудың жаңа формалары мен әдістерін үнемі іздеуіне байланысты.