Бұл мақалада сыныптан тыс бастауыш сыныптардың оқушыларына патриоттық тәрбиелер беру түрлері мен әдістері берілген. Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бір түрі – үйірме болып табылады. Сыныптан тыс уақыттарда ұйымдастырылған жұмыстардың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар: үйірме жұмысына барлық оқушының міндетті түрде қатысуы; оқушылардың іс-әрекет түрлерінің жүйелілігі және әр алуандылығы; сабақтың тақырыптылығы; музыкалық репертуардың оқу – тәрбиеге бағыттылығы; оқушылардың музыка саласындағы даярлығын жатқызуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының Отан туралы білімдерін анықтау мақсатында әр түрлі әдістер мен формаларын пайдалануға болады: топтармен немесе жеке дара сұхбат жүргізу, анкеталар жүргізу, суреттерді салулар арқылы жауап беру, шығармаашылық сипатындағы жазбаша жұмыстар жүргізу т.б. Бірнеше әдіс-тәсілдерді үйлесімділіктерде пайдалану бастауыш сынып оқушыларының Отан туралы білімдерінің дәлірек анықтауға, оқушылардың бір-бірлеріне деген көзқарастары мен сезімдерін толығырақ және оларды тереңірек көре білуге көмектері зор. Аталған бұл әдістерін кешенді пайдалануға қорытындыларын дұрыс жасауға мүмкіндіктер береді.
СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Жарияланған November 2022
201
199
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
патриоттық тәрбиелер, сыныптардан тыс тәрбие жұмыстары, бастауыш сыныптардың оқушылары, тәрбие беру формалары мен әдістері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
РысбековаР.М., Махметова Б.Т., Бейсембаева А.А., . 2022. СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 228–237. DOI:https://doi.org/10.51889/3418.2022.62.49.021.