Ғылыми мақалада медиабілімнің маңыздылығы және сұранысқа ие білім бағыты болып
тұрғандығы туралы зерттеу жүргізілген. Автор педагог мамандарға кәсіби-бағдарлы білім бағытында
медиабілімнің білімалушыларды ақпараттық сауаттылыққа үйрету жолдарын, педагогикалық
негіздерін ұсынады. Қоғамда ақпараттық технологияның дамып кеткендігін ескере отырып, білім
беру үдерісінде медиабілім бағытын дамыту жұмыстарына педагог мамандардың үлесі мен
педагогикалық технологияны қолданудың қажеттігін алға тартқан ғылыми мақалада жас ұрпақты
ақпаратты сыни қабылдауға жетелейтінін алға тартқан. Мақалада автор медиабілім берудің
маңыздылығы мен қажеттілігі туралы мысалдар келтіріп, ғылыми тұжырымдарға сүйенеді.
Қоғамдағы ақпараттық технологияның дамып бара жатқандығын ескере отырып, медапедагогикалық
білім берудің жолдары ғылыми мақалада сарапталған. Ғылым мен техниканың даму қарқыны кәсібибағдарлы білім беру бағытында жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде
қолдануды және сауатты пайдалана білу қажеттігі және осы бағыттағы медибілімнің рөлі сөз етіледі.
КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ МЕДИАБІЛІМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Жарияланған March 2020
68
254
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
медиабілім, ақпараттық технология, білім беру, педагог, сыни қабылдау, кәсібибағдарлы, ақпараттық сауаттылық, ко
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сейітқазы П. Б., Ахметова А. А., . 2020. КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ МЕДИАБІЛІМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 64 (Бер 2020), 48–53. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.08.