Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАДУАЛЬДЫОҚЫТУҒАЖҰМЫС БЕРУШІНІҢДАЙЫНДЫҒЫНТАЛДАУ

Жарияланған November 2022

215

231

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы дуальды білім беру жағдайына жалпы шолу берілген: үйлестіру, контингент, өңірлерді қамту. Білім беру ұйымдарында жүргізілген негізгі зерттеулерді қамту олардың Қазақстандағы дуальды оқыту моделін қалыптастыруға қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді. Алайда жұмыс берушінің дуальды білім беруді ұйымдастыруға дайындығы отандық ғалымдардың еңбектерінде жеткілікті терең зерттелмеген. Осыған байланысты Erasmus+ бағдарламасы «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» (жобаға сілтеме: ЕС 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP. Іске асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) KazDual жобасының зерттеушілері қазақстандық компаниялардың тәжірибесі мен пікірлерін зерделеу, әртүрлі Қазақстандық өнеркәсіптік секторларда, білім беру ұйымдарында дуальды жүйенің қажеттілігі, сондай-ақ оларды жобаның пилоттық фазасына қатысуға ынталандыру мақсатында сауалнама жүргізді. Қазақстанда дуальды білім беруді ұйымдастыруға дайындық тұрғысынан жұмыс берушілердің сауалнамасына жүргізілген талдау пікірлердің сәйкессіздігін көрсетті. Жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша нәтижелері жинақталып, бағалау жүргізілді және ойлануға қажетті кейбір сұрақтар берілді. Зерттеушілер кейбір жауаптар нәтижелерге дуальды білім беруді еуропалық және қазақстандық тұрғыдан әртүрлі түсіну әсер еткенін көрсетеді.

pdf (Русский)