Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ КОГНИТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған November 2022

173

110

Сулейман Демирель атындағы университет
Аңдатпа

Мақалада математика сабағында когнитивтік оқыту жүйесіне енгізуге болатын бірқатар нақты әдістемелік принциптер ұсынылған. Бұл принциптерді қолдану үлгілеудің дидактикалық функциялары кеңінен қолданылатын, жеке танымдық қабілеттер ескерілетін және оқушы тұлғасының психикалық сферасының негізгі құрамдас бөліктері (ойлау, есте сақтау, зейін, мотивация) ескерілген.

Математиканы оқыту процесінде білімді, дағдыларды қалыптастыруда когнетивтік -визуалды (визуалды-танымдық) тәсіл негізін құру визуалды ойлаудың ықтимал мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Танымдық қабілеттер ақпаратты қайта өңдеу, жасау, қалпына келтіру және оны білім мен тәжірибеге айналдыруға жинақтауға мүмкіндік беретін зейін, есте сақтау, ойлау, елестету секілді адамның танымдық процестері. Бұл мақалада көрнекі ойлау мүмкіндігін барынша арттыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды қалыптастырудың когнитивтік-бейнелік (көрнекі-когнитивтік) тәсілі негізінде математиканы оқыту процесі қарастырылады. Бұл тәсілдің негізгі ережелерінің бірі визуализацияның танымдық қызметін кеңінен және мақсатты түрде пайдалану болып табылады.

Бұл мақаланың мақсаты – теориялық негіздеу және практикалық тұрғыдан дағдыларды жетілдіру негізінде оқу процесінде білім алушылардың математикалық танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқушыларға математиканы оқыту процесінде когнитивті-бейнелік тәсілді жүзеге асыру көрнекі оқыту ортасын, оқушының көрнекі ойлау резервтерін пайдалануға басты назар аударылатын оқу жағдайларының жиынтығын құруға мүмкіндік береді. Бұл шарттар дәстүрлі көрнекі құралдардың да, көру жұмысын белсендіруге мүмкіндік беретін арнайы құралдар мен әдістердің де болуын болжайды. Когнитивтік-визуалды тәсіл «математикалық көруді» тәрбиелеуге бағытталған; мұғалім көрнекі ақпаратты ұйымдастыруға үнемі қамқорлық жасауы керек, ал білім алушы осы көрнекі ақпаратты талдауды үйренуі керек. Когнитивтік-бейнелік тәсілдің бір артықшылығы – оқушылардың жеке ерекшеліктерін және, атап айтқанда, мидың сол және оң жарты шарларының жұмыс ерекшеліктерін ескереді. Математиканы оқыту тәжірибесінде церебральды жарты шарлардың функционалдық асимметриясын есепке алу бүгінгі күні бұрынғыдан да өзекті бола түсуде. Білім алушылардың танымдық мүмкіншілігін жетілдіру мәселесін шешу үшін математикалық, психология, педагогикалық жалпы тәсілдермен қатар, қазіргі заманғы жетістіктерді ескере отырып, бейнелік ойлауын қалыптастыру мен дамытудың жалпы теориясын жасауды, оқу іс-әрекетін қазіргі кезде қабылданғаннан кеңірек теориялық негізде жобалауды,  әдістемелік құралды қажет етеді. Осыған орай математиканы оқытудың әзірленген әдістемесіне арналған есептер  оқу процесін көрнекі оқыту ортасында ұйымдастыруды көздейді, онда мұғалім мазмұнды дайын түрде ұсынбайды, тек оқушылардың ақыл-ой және сөз әрекетін реттейді, сол арқылы жаңа идеялар мен тұжырымдамалар дербес сипаттауға бағыттайды.

pdf (Русский)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Slyamkhan M.M., . 2022. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ КОГНИТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 205–213. DOI:https://doi.org/10.51889/2534.2022.41.53.018.