Аңдатпа
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының мотивациясын тудыру тәсілдері мұғалім тәжірибесінен өтіп, жақсы көрсеткіш көрсеткен әдіс-тәсілдері баяндалған. Сыртқы уәж бен ішкі уәждің айырмашылығы мен түсінігі жазылған. Мотивациялау процессі кезінде мадақтаудың түрлері көрсетілген. Сонымен қатар, уәжді арттыратын және уәжді түсіретін факторлар ұсынылған. Бұл тәсілдерді тәжірибеде қолданып, оқушының әсері және бойындағы өзгерістері туралы жазылған. Оқу процессі кезіндегі мотивация бойынша зерттеудің алғашқы күндерінің және зерттеуден кейінгі туындаған мәселелері, мақсаты, жаңа әдіс-тәсілдері мен нәтижесі көрсетілген. Осы зерттеу барысында әр оқушы мотивациясының туу кезеңінде оқушы пән бойынша тақырыпты меңгеріп, сабақ мақсатына жетудің бір жолы зерттеліп, анықталды. Сонымен білім сапасының артуы сынып жетекшісі үшін және пән мұғалімі үшін де маңызды роль атқарады. Оқушылардың бағыттары анықталды.Оқушылар бағыт бойынша конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны көрсетілген. Мұғалім үшін де оқушы үшін де уәжді тудырып алғанннан кейін оң өзгерістер дәлелденді.