Мақала кіші жастағы мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмі құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде бастауыш білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиенің басым бағыттарын зерттеуге арналған. Автор бастауыш сынып оқушыларын өлкетану пәні бойынша оқыту жүйесі ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде өлкетану құралдарын оқу барысында және сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі формаларында қолданылуы керек екенін атап өтті. Бастауыш буынға білім беру процесінде маңызды орын алатын өлкетану жұмысының мәнділігі көрсетілді. Автордың пікірінше, өлкетану материалдарын игеру жасы кіші оқушылардың ұлттық санасын, патриотизмін, жоғары адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етеді, эстетикалық және физикалық қасиеттерін дамытады, олардың рухани-адамгершілік бағытына ықпал етеді. Мақалада өлкетану бастауыш білім берудің маңызды элементі екендігі айтылады, өйткені ол туған өлкенің шығу тегі туралы кеңейтілген түсінік береді және белгілі бір өңірдің тарихи оқиғаларының көрінісін тереңірек ашады. Еңбектің ғылыми жаңалығы - кіші жастағы мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмі құндылықтарын қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай жасайтын жаңа мазмұнның теориялық негізделген құралдарын, жұмыстың формалары мен әдістерін әзірлеуден; қазіргі заманғы оқушылармен патриоттық жұмыстың негізгі бағыттарын өлкетану құралдарымен кешенді өзара байланысты қарастырудан тұрады.
ӨЛКЕТАНУ ПӘНІ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған November 2022
176
594
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
өлкетану
бастауыш білім
тәрбие, патриотизм
кіші жастағы мектеп оқушылары
Отанға деген сүйіспеншілік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Танатарова Ж.Ә, Ермаханов Б, . 2022. ӨЛКЕТАНУ ПӘНІ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 237–248. DOI:https://doi.org/10.51889/2797.2022.87.13.022.