Берілген мақалада тәжірибеге-бағытталған оқыту негізінде болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда практиканың алатын орны мен маңызы туралы айтылады. Қазіргі уақытта тәжірибеге-бағытталған оқыту процесінде кадрларды кәсіби даярлауды модернизациялауда, оның мазмұнын өзгертуде және оның барлық компоненттерін қайта қарастыруда көрінетін оң сапалы өзгерістер орын алуда. Мұндай жағдайларда жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби бейімделген тұлғаны дайындауға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді іздеу қажеттілігі туындайды. Авторлар тұлғаның осы бағытта қалыптасуының ғылыми-теориялық негізін талдап, тұлғаға бағдарланған тәсілдің тәжірибеге-бағытталған оқытуға әсер етудің мысалдарын келтірді. Мақалада шетелдік ғалымдардың зерттеулері де зерделеніп, қазіргі еңбек нарығында түлектердің сәтті кәсіби бейімделуін қамтамасыз ететін болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тәсілдері жан-жақты талданған.
ACTION RESEARCH ТӘСІЛІ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Жарияланған November 2022
161
393
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
құзыреттілік, кәсіби құзыреттер, кәсіби бейімделу, кәсіби әрекет, болашақ педагог, тәжірибеге бағытталған оқыту.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Байдильдинова Д.К., Сарсенбаева Л.О., Асилбаева Ф.Б. , . 2022. ACTION RESEARCH ТӘСІЛІ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 119–135. DOI:https://doi.org/10.51889/5783.2022.90.64.010.